Маңғыстаулық қос самбошы Азия кубогын алды

1-3 мамыр аралығында Атырау қаласында самбодан ашық Азия кубогы өтті, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты.

Жарысқа Ресей, Маңғолия, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия және Қазaқстан мемлекеттерінен 200-ге жуық спортшы қатысты.

ВИДЕО: https://youtube.com/shorts/MYRR6MdKBQo

Додада Қазақстан құрама командасына кірген “Жас батыр” спорт мектебінің спортшылары қатысып, Азия кубогын алды.

Нақтыласақ, маңғыстаулық Арман Өмірбек 46 келі салмақта Тәжікстан спортшысымен сынға түсіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Ал Сержан Джиенгазиев 53 келі салмақта өзбекстандық спортшымен белдесіп, оны ауырту әдісімен жеңді.

Exit mobile version