Маңғыстаулық оқушы Нью-Йорк университетіне грант жеңіп алды

Ақтаудағы NIS оқушысы Айзере Сейтджан Шанхайдағы Нью-Йорк университетінде оқуға толық грант алды.

Шанхайдағы Нью-Йорк университеті қытайлық және шетелдік студенттер арасындағы ең танымал жоғарғы оқу орны. Ол әлемдегі ең үздік университеттердің жүздігіне кіреді және «Қытай университеттерінің рейтингі» тізімінде 20-шы орынды алады.

Айта кетейік Айзере, FLEX- алмасу бағдарламасы арқылы 1 жыл бойы АҚШ тағы Миссисипи штатында білім алып келген болатын. Future Leaders Exchange (FLEX) — АҚШ Мемлекеттік департаменті жүзеге асыратын орта мектеп оқушыларына арналған алмасу бағдарламасы.

Exit mobile version