Маңғыстаулық мектеп түлектері үшін 2000 білім гранты бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің әр өңіріндегі 41 университетте Маңғыстау облысының түлектеріне 2000 грант бөлініп отыр.

Бүгін еліміздің ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев бастаған 41 университеттің өкілдері Маңғыстау облысында кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша кездесу өткізді.

Кездесу аясында ЖОО-ның көрмелері, оқушылар мен ата-аналарға арналған кездесулер, семинар-тренингтер жоспарланған.

Ақтау қаласындағы оқушылар сарайында өткен шара 14 мамырда 10.00-19.00 аралығында жалғасады. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінде де 10.00-18.00 аралығында өтеді.

Exit mobile version