Маңғыстаулық команда Соккадан әлем чемпионы атанды

Шағын футболдан маңғыстаулық «Атриум» командасы Германияның Эссен қаласында өткен «Socca world cup – 2023» халықаралық турнирінде әлем чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасы финалда украиналық қарсыластарынан 3:4 есебімен басым түсіп, сенсациялық жеңіске жетті.

Абай Елемесов қарсылас команданың қақпасына алғашқы гол салып, командасын алға шығарды. 14-минуттан кейін Алтынбек Мұрзабеков есепті еселеді.

Ал Украина құрамасынан Андрей Мельник алғашқы голын салды, кейін ойынның 37-минутында есепті теңестірді. Осылайша кездесудің негізгі уақыты тең (2:2) аяқталды. Дегенмен буллитте Қазақстан құрамасының ойыншылары басымырақ (2:1) болды.

Қазақстандық құрама финалға дейін Молдова (3:1), Кипр (2:1), АҚШ (3:2) және Мексика (7-6) құрамаларын ұтты. Турнирге жалпы 44 команда қатысты.

Айта кетейік, сокка – «6х6» форматында шағын футболдан әуесқойлар арасында өтетін жарыс түрі.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Exit mobile version