Маңғыстаулық гимнаст ұл алтын иеленді

Бұрын спорттың гимнастика түрінен қыздардың жетістігін жиі естуші едік. Маңғыстаулық жас гимнаст Темірлан Рамазан халықаралық жарыста оза шауып 8-12 жас аралығынан озық өнер көрсетіп, Алтыннан медаль тақты, — деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 26 қарашада Өзбекстанның Навои қаласында спорттық гимнастикадан жас топтар арасында Өзбекстан чемпионаты өтіп, аталған байқауда Қазақстан Республикасының атынан шыққан команда құрамында Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Рамазан Темірлан да өнер көрсеткен.

8-12 жас ерекшелігі бойынша сынға түскен өнерпаз ел намысын қорғап, топ жарып, «Алтын медаль» иегері атанған.

Exit mobile version