Маңғыстаулық балуан «Дала қыраны» титулына қол жеткізді

Қазақ күресінен өткен «Дала қырандары» республикалық турнирінде Маңғыстау облысынан сынға түскен «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғапов 100+ салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, екінші жыл қатарынан “Дала қыраны” титулына ие болды.

Нұрдаулеттің бапкері Қайрат Бурбасовтың айтуынша, спортшы алғашқы белдесулерінде Астана қаласы, Түркістан және Павлодар облысының балуандарынан басым түскен.

«Дала қырандары» республикалық турниріне жыл бойы рейтингтік жарыстарда жоғары ұпайлар жинаған еңсегей бойлы, қаптағай денелі, рухы өр, тәні бекем 64 балуан қатысты. Олар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақта белдескен болатын.

Турнир қорытындысы төмендегідей:

55 келі – Еркебұлан Қалымбеков (Солтүстік Қазақстан облысы)
60 келі – Ержан Еренқайыпов (Астана қаласы)
66 келі – Әкежан Билалов (Жетісу облысы)
74 келі – Батырхан Қайырбек (Солтүстік Қазақстан облысы)
82 келі – Заңғар Марат (Қарағанды облысы)
90 келі – Еңбек Сақтағанов (Қызылорда облысы)
100 келі – Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы)
+100 келі – Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы).

Қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі 2021 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов «Қазақстан барысы» турнирінің қола жүлдегері (, 2021ж.), күміс жүлдегері (2022, 2023 ж.ж.), ҚР чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионатының жеңімпазы (Астана, 2022ж.), Азия чемпионатының жеңімпазы (Өзбекстан, 2023 ж.). Балуанды Қайрат Борбасов, Кенжебай Елубай сынды білікті мамандар жаттықтырады.

Exit mobile version