Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа 41 мемлекеттен 500-ден астам спортшы келіп, бақ сынауда.

Әбу-Бәкір Жәнібек 62 келі салмақ дәрежесінде джиу-джитсудың файтинг бағдарламасында Әлем чемпионы атанды. Ал күміс жүлдені колумбиялық спортшы иеленсе, қола жүлдені швециялық спортшы және қазақстандық Аслан Қанатбек қанжығаға байлады.

15 шілде күні басталған әлем чемпионаты 21 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Әбу-Бәкір ересектер арасында әлем чемпионаттарының 5 дүркін қола жүлдегері болған. Сондай-ақ спортшы ақпан айында Бангкокта (Тайланд) джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған.

Exit mobile version