Маңғыстаудың 4 мұғалімі үздік атанды

18 қараша күні Астана қаласында «Үздік педагог-2022» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Маңғыстау облысынан 4 педагог жеңімпаз атанды.

Үздік педагогтер қатарында Мұнайлы ауданындағы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Замира Алдабергенова, Мұнайлы ауданындағы №6 мектептің математика пәнінің мұғалімі Абай Ақтілевов, Халел Өзбеғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Несібгүл Қарабалаева мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаннұр Мауытова бар.

Салтанатты шарада ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үздік мұғалімдерді құттықтап, оларға 1000 АЕК көлемінде ақшалай сертификат пен төсбелгілерді табыстады.

Exit mobile version