Маңғыстауда жастар медиа порталы өз қызметін жалғастыруда

Маңғыстауда жастарға арнап ашылған медиа портал өз қызметін жалғастыруда. Жастардың өмірі мен тыныс тіршілігінен хабар беретін www.mangystauzhastary.kz порталының бүгінде 5000-нан астам оқырманы бар. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Mangystauzhastary» интернет порталының жетекшісі Еділбек Дүйсенов хабарлады.

Спикердің айтуынша, аталған сайт 6 айдан бері қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда сайтта бас редактор, 2 журналист, монтажер-бейнеоператор мен фотооператор, дизайнер және web-редактор қызмет атқарады.

Медиа порталдың мақсаты – өңірдегі жастарды позитивті ақпаратпен қамтамасыз етіп, оларды білім мен ғылымға баулу. Республикалық, халықаралық конкурстарға қатысуына ықпал ету.

– Бұған дейін, Маңғыстауда жастарға арналған медиа портал мүлде болған жоқ. Сол себепті де, жастардың қоғамдық өмірге араласу белсенділігі айтарлықтай төмен болды. Бұл ақпараттық алаңдарда еліктеп, үлгі алуға тұрарлықтай жас көшбасшылардың болмауының және де интернет желісінде пайдалы ресурстардың насихатталмауымен байланыстырылды. Аталған себептер ақпараттық алаңда Маңғыстау жастарының мүлдем көрінбеуіне әкеліп соқты. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында тамыз айында өңір жастарына арналған жаңа ақпараттық жас сайт іске қосылды,-деді Еділбек Дүйсенов.

Сонымен қатар, «Маңғыстау жастары» интернет-порталында тамыз айында 67, қыркүйек айында 160, қазан айында 169, қараша айында 185, желтоқсан айында 92 материал, жалпы осы аралықта 699 ақпарат жарық көрді.

Атап айтқанда, «Таным» айдарымен– 35, «Өзге пайым» айдарымен– 13, «Жас көшбасшы» айдарымен– 66, «Жастар саясаты» – 90, «Жобалар» айдарымен – 44 ақпарат дайындалып, таратылды.

Ал, Youtube арнасында тамыз-желтоқсан аралығында 43 бейнетүсірілім жасалып, жалпы 9 мыңға жуық көрілім жинаған.

Сондай-ақ, күнделікті негізде бос жұмыс орындары салынып, жастарға арналған форумдар мен конкурстар, әртүрлі қызықты және пайдалы танымдық материалдар үздіксіз жарияланады. Фото, видео, мақала және өзге де форматтарда ақпараттандыру жүзеге асты.

Айта кетейік, өңірлік жастар өз мақалалары мен туындыларын «Mangystauzhastary» сайтына жіберіп, жариялай алады.

Exit mobile version