Маңғыстауда тоғызқұмалақтан ҚР чемпионаты өтуде

Ақтауда 21 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтуде.

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында өтіп жатқан ел біріншілігіне Алматы, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының және Алматы және Астана қаласынан 88 адам қатысуда.

Бір командада алты спортшы өнер көрсетеді. Әр ойыншыға бір жарым сағат беріледі.

Маңғыстау облысының тоғызқұмалақтан бас бапкері Гаухар Жакиеваның айтуынша, өңірдің намысын алты негізгі ойыншы қорғайды. Олар Жұмакелді Тұрақбай, Сәбит Беркінбаев, Әділбек Дәултаев, Жансая Жардем, Жансая Тугузбаев, Назерке Жардем мен ауысым спортшылары Жандос Аллияров және Ақмарал Тұрсынбаева.

1 қараша басталған шара 7 қарашаға дейін жалғасады.

Exit mobile version