Маңғыстауда сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 бала дүниеге келді

Маңғыстау облысында 20 қараша күні сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 сәби дүниеге келді. Оның 5-і ұл және 11-і қыз.

Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары облыста ұлдар көп дүниеге келген. Ал бүгін қыздар саны екі есе көп. Алайда перинаталдық орталық мамандары күн батқанша жағдай әлі де өзгеруі мүмкін деп отыр. Себебі, бұл сағат 00:00-ден 08:30-ға дейінгі деректер.

Жас аналар да ҚР Президентін сайлауға қатыса алады. Перинаталдық орталықтардың қызметкерлері де сайлауға қатысуға ниетті

Exit mobile version