Маңғыстауда өңірлік жастар лагері ашылды

Бүгін Ақтау қаласында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен «Болашаққа сеніммен» өңірлік жастар лагерінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Батырхан Қуанышбеков және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Абылай Фазылбек қатысты. Олар жастарға үш күнге созылатын лагерьде тиімді уақыт өткізіп, достармен танысып, жаңа серпін алуына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ қатысушылар 4 лекке бөлінді. Оларға фасилитатор тағайындалып, лагерь ережелері мен қауіпсіздік шаралары таныстырылды.

Лагерге барлық аудан, қаладан әртүрлі санаттағы 70-ке жуық жас келді. Арнайы бағдарлама жасақталды. Алғашқы күн жастардың өзара бір-бірін тануға бағытталады.

Exit mobile version