Маңғыстауда облыстық дебат турнирі өтті

Маңғыстау өңірінде дебат қозғалысын дамыту мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық туған күніне орай «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» мектеп оқушыларының облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнир 2 күнге жоспарлы түрде ұйымдастырылған бағдарлама мен түрлі спорттық шаралары, психологиялық тренинг өткізу мен кешкі мезгілде балалар бас қосқан «жалынды алауымен» ерекшеленді.

Аудан, қала, облыстық мамандандырылған мектептерден 28 оқушы, 14 команда қатысты.

Турнирдің жеңімпаздарына «Карамель Ақтау»,«Rahim baby» балалар дүкендері демеушілік көрсетіп, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Турнир қорытындысы бойынша:
Қазақ лигасынан: Бейнеу ауданы, «Атамекен» ЖББМ 11 сынып оқушылары «Атамекен» тобы;
Орыс лигасынан: Ақтау қаласы, 1 ЖББМ 11 сынып оқушылары «Freedom» тобы, Мұнайлы ауданы, Ш. Мұңалұлы атындағы 5 Жббм 9,10 сынып оқушылары «Ақинақ» тобы; Орыс лигасынан: Түпқараған ауданы, А.М.Горкий атындағы мектеп – лицейінің 10 сынып оқушылары «SL» тобы, Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев атындағы мектеп гимназиясының 11 сынып оқушылары «Ақтұйғын» тобы; Орыс лигасынан: Жаңаөзен қаласы, 3 ЖББМ 10 сынып оқушылары «Феникс» тобы суырылып шықты. «Үздік спикер» номинациясын Ақтау қаласы, ОМИ 11 сынып оқушылары «Озат» тобы иеленді.

Exit mobile version