Маңғыстауда «Каспий Көкжалы» анықталатын болады

6 мамыр күні Маңғыстау облыстық «Каспий Көкжалы» іріктеу турнирі өтеді. Іріктеуден өткен спортшы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алады.

«Қазақстан барысы» турниріне қатысу үшін спортшылар ауылдық, аудандық және облыстық іріктеулерден өтеді.
Қазірдің өзінде облыстағы 2 қала, 5 ауданнан 21 спортшы іріктелді. Сондай-ақ алдыңғы жылы 1, 2-орын иеленген палуандар, жалпы алғанда 18 жастан жоғары ересектер арасында 90 келіден жоғары барлығы 23 спортшы бақ сынайды.

Ұқсас жазбалар:  «Қара бура» қазақ күресінен өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Еске салайық, 2022 жылы «Қара бура» лақап атымен танымал маңғыстаулық Нұрдаулет Жарылғапов «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері атанған.

Exit mobile version