Маңғыстауда «Баламмен өткен бір күн» бейнероликтер байқауы басталды

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ ұйымдастыруымен «Қолдау» орталығы жеке меншік мекемесінің «DEMEU» жобасы аясында «Баламмен өткен бір күн» атты бейнероликтер байқауының басталды.

«Баламмен өткен бір күн» атты бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ төмендегідей:

1. Маңғыстау облысы бойынша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі «DEMEU» жобасы аясында «Баламмен бір күн» атты бейнероликтер байқауының өтетіндігін хабарлайды.

2. Байқаудың мақсаты:

– Отбасы институтын нығайта отыра, бала тәрбиесіне назар аударту, ата-аналарының балаларды психологиялық қолдауына ықпал ету, ата-ана мен бала, мектеп арасында байланыс орнату.

Байқау міндеттері:

– Тұлға тәрбиелеу;
– Ата –анамен бала байланысын нығайту;
– Психологиялық қолдау;
– Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– Бос уақытын тиімді пайдалану;
– Медиакреативтілігін дамыту.

3. Байқаудың шарттары:

Байқауға Маңғыстау облысының барлық мектептерінің 5-10 сынып оқушылары қатыса алады. Байқау шарты бойынша рәсімделу талаптары мен шарттары:

1) Бейнероликтер МР4, М4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х720 пиксел және ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек.

2) Бейнероликтер қазақ тілінде және #DEMEU , #CISC, #Маңғыстауоқуәдістемелік, #Маңғыстаубілімбасқармасы хэштегтерімен әр мектеп өз қатысушыларын Фейсбук, Инстаграм, Тик-ток желілерінде жариялауы және гипербелсенді сілтемесі хатпен жолдануы тиіс.

3) Қатысушы өзінің ата-анасымен өткізген әсерлі бір күні туралы немесе отбасымен бірге қызығушылықпен атқаратын игі ісі, жазғы демалысындағы әсерлі естелігі туралы түрлі идеяны алға тарта отыра бейнеролик дайындайды.

4) Бір қатысушы бір ғана бейнеролик ұсына алады. Сондай-ақ, өзі туралы ақпарат қоса ұсынылуы шарт. (Облыс/аудан/қала/ауыл, білім беру ұйымының атауы, аты –жөні, жетекші атауы)

5) Жіберілген бейнеролик бұрын өзге байқауларға қатыстырылмаған болуы қажет.

6) Жұмыстың авторлық құқығына автор жауап береді.

7) Ұжымдық жұмыс қарастырылмайды.

8)Байқау бағалануында әлеуметтік желілердегі қаралым және лайк саны ескерілетін болады.

9) Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары арнайы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталатын болады.

10) Байқаудың мазмұны, тақырыпқа сәйкестігі, бейнероликтің композициялық құрылымы, ойының ерекшелігі, идеясы мен креативтілігі ескеріледі.

11) Бейнеролик сапасы (уақыты, сәйкестігі, техникалық орындалуы, монтаж, шеберлік) бағаланады.

Байқау 2023 жылдың 09-20 қазан аралығында өтеді. Байқау нәтижесі 25 қазан күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу –әдістемелік орталығының және «Қолдау» орталығы» ЖММ әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланатын болады.

Exit mobile version