Маңғыстауда әлеуметтік осал топтарды өмірлік маңызды дағдыларға оқыту жүзеге асуда

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Маңғыстау облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «Zhas Project» жастардың әлеуметтік осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыру» жобасын облыс көлемінде жүзеге асырып жатыр.

Жоба аясында 1 000 000 теңге қайтарымсыз қаражат жеңіп алған 18-29 жас аралығындағы облыс жастары бүгіннен бастап өмірлік маңызы бар дағдыларды, жобаларды басқару және жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту бойынша 2 күндік семинар-тренинг басталды.

Семинар-тренинг 25 қыркүйекке дейін Ақтау қаласы, 34 шағынаудан, «Достық үйі» ғимаратында өтеді деп жоспарланып отыр.

Тренингтерді «Samga Academy» тұлғалық дамыту орталығының директоры, сертификатталған коуч ICU Шайхиева Бибігүл Кәкімжанқызы, ADS BUSINESS GROUP бизнес-кеңесші Акбердиев Арман Таңбайұлы, әлеуметтік кәсіпкер, бизнес тренер Мұратбай Гүлжанат Мұханбетқызы жүргізеді.

– Жобаны іске асыру шеңберінде өмірлік маңызы бар дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларына оқытудың жеке бағдарламасы әзірленді. Оқыту бағдарламасы шағын гранттарды алушылар үшін офлайн және онлайн тренингтер, сондай-ақ менторлардың жобаларын іске асырудың үш айы ішінде грант алушылармен ай сайынғы сессиялар өткізіледі. Офлайн оқыту облыс орталығында бүгін бастау алды. Басқа қалалардан келген қатысушыларға офлайн оқыту кезінде жол жүру, тұру, тамақтану және үлестірме материалдар пакеті қамтамасыз етіліп отыр. Онлайн оқыту ZOOM платформасын пайдалана отырып, оқыту іс-шараларын өткізуді көздейді. Оқытудың барлық кезеңдері білікті мамандар мен жаттықтырушыларды тарта отырып жүргізілетін болады. Оқыту іс-шараларынан басқа, әрбір шағын грант алушыға ментор бекітілді, ол жобаны іске асыру барысында оған қолдау көрсететін болады. Менторлар конкурстық негізде іріктелді. Жобаға қатысушыларға консультациялық қолдау көрсету үшін кемінде 20 ментор тартылып отыр,- дейді жоба жетекшісі, «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбек Мағдатов.

Exit mobile version