Маңғыстау жастарының діни, қаржылық, құқықтық сауаттылықтары мен отбасы және неке құндылықтарын насихаттау бағытындағы әлеуметтік жоба жүзеге асуда. Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен және «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен өңір аумағында өтіп жатыр.
Сайт ұжымы бұған дейін де хабарлағандай, аталған жоба аясында Маңғыстау облысына мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы арнайы келіп, жастармен бірқаар кездесулер өткізді. Кездесулер Ақтау, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларында ұйымдастырылып, қатысушы жастардың құрмет-хошеметіне ие болған еді.
Жоба ұйымдастырушылары алдағы уақытта Маңғыстау жастарын экономист, журналист, ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Мұқаев Дәулет Төлеутайұлымен, имам, теолог Асанов Нұрлан Байжігітұлымен және заңгер, ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Құспан Абзал Темірғалиұлымен кездестіруді жоспарлап отыр.