«Маңғыстау жастары» сайтының веб-редакторы «Жас Тұлпар – 2022» жастар премиясының иегері атанды

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тналиевтің қатысуымен «Жас Тұлпар – 2022» облыстық жастар премиясын табыстау мақсатындағы салтанатты шара өтті. Шарада әр салада жетістікке жетіп жүрген, 2022 жылы айтарлықтай қызмет етіп, өзге жастарға үлгі көрсеткен жас белсенділер марапатталды.

Шара барысында облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси мен қоғам өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтар мен әр сала бойынша өз мамандығының шеберлері марапатталды. Олардың қатарында «Маңғыстау-медиа» (7292info.kz) ақпараттық сайтының негізін салушы, графикалық дизайнер Алиева Ақерке Гагаринқызы да бар.

Ақерке Гагаринқызы бірнеше жыл бойы Маңғыстау облысының ақпарат кеңістігіндегі қазақша контентті дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Арт-дизайнер, контент-менеджер ретінде ол «Ақтау-Ақпарат» газеті мен «Маңғыстау-медиа» сайтының ақпарат айдынына шығуына ат салысты. Бүгінгі таңда «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» жастар сайтының веб-редакторы ретінде Маңғыстау өңірінің түкпір-түкпірінде таланатты жастарды танытуда қызмет етіп келеді.

Әріптесімізді бүгінгі жетістігімен сайт ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Exit mobile version