Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен волонтерлар корпусы өңір тұрғындарын көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күнімен құттықтады.
Мерекелік шара «Ақтау» сауда ойын-сауық кешенінде өтті. «Өнер» колледжінің өнерпаздары хормен «Алғыс» әнін орындап, қала тұрғындарына 30 гүл шоғы таратылды. Аталған гүл шоғын «Жаным» гүлдер орталығы ұсынды.
Шараның мақсаты – еліміздің әрбір тұрғынына алғыс айтып, құрмет көрсету. Бір-біріне деген риясыз махаббаты мен ізгі тілегін арнау. Бірлік пен достықтың, патриотизмнің, үлкен мен кіші арасындағы сыйластықтың жарқын көрінісін насихаттау.
«1 наурыз Алғыс айту күні биыл ерекше тойланып жатыр. «Арайлы Атамекенім» атты челлендж аясында ең жақындарымызға, ата-анамызға, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген жанашыр жандарға, жастарға алғысымызды арнадық. Осы орайда бізге қолдау көрсеткен «Жаным» гүл орталығының басшысы Біржан Жетібайұлына және «Өнер» колледжінің студенттеріне алғыс айтамыз. Мереке құтты болсын!» – деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Баянқызы.