Маңғыстау жастары Абзал Құспанмен кездеседі

28-29 тамыз күндері Маңғыстауда танымал заңгер, адвокат, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан жастармен кездесіп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру тақырыбында ой өрбітпек.

Кездесу Бейнеу, Маңғыстау аудандары мен Ақтау қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Кездесу:

Ақтау қаласында 28 тамыз, сағат 09:30 (8 шағынаудан, Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының кіші залы)

Шетпе ауылында 28 тамыз, сағат 15:30 (Маңғыстау аудандық Мәдениет үйі ғимараты)

Бейнеу ауылында 29 тамыз, сағат 10:30 (Абыл атындағы Мәдениет үйі ғимараты)

Аталған іс-шара Маңғыстау облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің «Жастар керуені» жобасы аясында жүзеге аспақ.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – өңір жастары арасында қаржылық, құқықтық және діни сауаттылықтарды арттыру. Жастарға неке және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында кешенді ақпараттық және ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін жеке меншік мекеме алдағы уақытта да республикалық деңгейдегі сарапшыларды тарта отырып, арнаулы мақсаттар мен міндеттерге сай өңірдің барлық аудан, қалаларында іс-шаралар тізбегін, яғни көшпелі кездесулер сериясын өткізетін болады.

Негізгі нысаналы топ – Маңғыстау облысының тұрғындары, оның ішінде: 18-35 жас аралығындағы жастар, жасөспірімдер, колледж, университет студенттері.

Exit mobile version