Маңғыстау облысының барлық ауданында «Asyq Battle» жекелей түрде ашық чемпионаты өтті. Жарысқа өңір жастары қатысып, үздік ойын өрнегін көрсетті. Аталған шара «Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс олимпиадалық жүйеде өтті. Ойыншылар 6 метр қашықтықта, 7 минут ішінде 8 асық алаңнан шығарылғанға дейін сынға түсті.
Маңғыстау ауданында өткен тартысқа толы жарыста 1-орынды Асхат Олжабаев алды, 2-орынға Ақжол Әлиманов ие болды. Ал жүлделі 3-орынды Ғанибек Тілеген қанжығаға байлады.
Бейнеуде өткен жарыста 1-орынды Меңдібай Ержан алды, 2-орынға Ауганбаев Иляс ие болды. Ал жүлделі 3-орын Еркебаев Баубекке бұйырды.
Мұнайлы ауданында өткен дода нәтижесінде Айдос Жанбырбаев 1-орын алды, 2-орынды Нұрланбек Бисембай қанжығаға байлады. Ал 3-орынға Нұрболат Исатай ие болды.
Түпқарағанда 1-орынды Қамбар Түркістанов алды, 2-орынға Дәулетбек Табылғанұлы ие болды. Ал жүлделі 3-орынды Абзал Кенжетай қанжығаға байлады.
Қарақия ауданында өткен жарыста Қайрат Мақсудов 1-орынға, 2-орынға Есен Алданов ие болды. Ал жүлделі 3-орынды Жасұлан Беріков алды.
Айта кетейік, шара «Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы» жобасы аясында Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен “Жеті жұрт” ҚБ ұйымдастырды. Негізгі мақсаты — жастар арасында асық ату спортын жандандыру, қызығушылығын арттырып, ынталандыру.
