Маңғыстау облысында 6 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев хабарлады.

Оның айтуынша, жедел респираторлы вирусты инфекцияның бүгінгі күнге дейін 6038 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 797,72-ті құрап отыр.

Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 3 821, яғни 63,3% құрайды. Ал, 1 жасқа дейінгі балалар саны – 615 (10,8%)болса, ересек адамдар саны –2 217, оның ішінде жүкті әйелдер – 220 ( 3,6%).

Бердібек Саралтаев тұмау ауруымен күрес жолдарын да атап өтті. Оның айтуынша, сапалы тамақтану мен гигиена талаптарын сақтаумен қатар, тұмауға қарсы вакцина алудың маңыздылығын айтты.

-Биылғы 2022-2023 жж. эпидемиялық маусымға тұмау ауруына қарсы вакцинаға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа 90 000 доза «Гриппол плюс» вакцинасы бар. Қазір облыс тұрғындарының 11,8% егумен қамтылды, – деді Бердібек Саралтаев.

Сондай-ақ, ол ЖРВИ маусымында адамдар көп шоғырланатын орындарға жиі бармауға кеңес берді.

Exit mobile version