Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін, 7 сәуірде өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ұжымға Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Жаңа қызметке Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Әбілқайыр Байпақов тағайындалды, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әбілқайыр Байпақов Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін, Халықаралық еңбек академиясын «Тарих және құқық», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің тарих және философия кафедрасының оқытушысы болып бастады. 2000-2020 жылдары Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, «Нұр Отан» ХДП Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшы, Баянды ауылының әкімі,«Каспий» ӘКК ҰК АҚ әкімшілік департаментінің директоры, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-партиялық жұмыстар бөлімінің басшысы, Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы, «CASPI BITUM» БК» ЖШС әкімшілік-кадр бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жаңа басшыға сәттілік тілеп, бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Exit mobile version