Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Айбек Имашев Әсетұлы Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Айбек Имашев бұған дейін Тұрар Жолдыбаев дзюдо орталығының директоры қызметін атқарды.

Дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Имашев 2018 жылдан бері дзюдодан Маңғыстау облысының ересектер құрамасының, 2019 жылдан бері Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарып келеді.

Айбек Әсетұлы 2022 жылы мемлекет басшысының жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ол 2011 жылы Азия, 2013 жылғы Әлем кубогының алтын жүлдесін алып, 2014 жылы Еуропа чемпионаты мен кубогында чемпион атанған. Сондай-ақ, 2014 жылғы Әлем чемпионатының 5-орын иегері. Гран При, Grand Slam додаларының да жүлдегері атанған тәжірибелі спортшы.

Exit mobile version