«Лудомания және нашақорлық»: Ақтауда сарбаздар психологпен кездесті

Ақтауда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырыуымен жас сарбаздар психолог Маржан Сұлтанқызымен кездесті.

Қаладағы 6656 әскери бөлімінің психологы Арнұр Айшуақов та бұл шараға қатысып, маңызды жиында «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында құнды қағидалар айтылды.

Өз кезегінде Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығынан барған Маржан Сұлтанқызы суицидке апаратын себептер туралы егжей-тегжейлі баяндады. Ол өз әңгімесінде бақытсыз махаббат, қоршаған жандардың түсінбеушілігін, жалғыз қалу, жұмыстағы келеңсіз мәселелер, мақсатқа бағытталған қысым, физикалық қорлаушылық, өмірдің мәнін жоғалту туралы тарқатып айтып өтті.

Сондай-ақ, ол қоғамда кең таралған лудомания мен нашақорлыққа әуестену туралы да кеңесін берді. Семинар барысында сарбаздардың қатысуымен тренингтер өтіп, Отан алдында борышын өтеп жүрген жастарға ерекше әсер қалдырды.

 

Exit mobile version