Кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр

Фото авторы: Ақерке Гагаринқызы

Бүгін Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Кешкі шай» жобасы өтіп жатыр. Жоба аясында облыс тұрғындарына арнап кітап жәрмеңкесі және bookcrossing ұйымдастырылып жатыр.

Жәрмеңкеге қаладағы кітап дүкендері, атап айтқанда @aktau.jahan @books.aktau.liza @kitapalike @kitap_al_mangystau @zharykka_umtyl @abooks_aktau келіп, тиімді бағада кітаптарды сатып жатыр.

– Жәрмеңке аясында жастар қазіргі заман көркем әдебиетін, мотивациялық және психологиялық кітаптарды сатып алуда. Жәрмеңке басталғалы 50-ден аса кітап сатылды, әлі де қызығушылық танытып, сатып алып жатқандар көп, – дейді @abooks_aktau дүкенінің иесі Айжан.

Ал кітап алмасуға 50 жуық адам қатысқан.

– Bookcrossing шарасында «Саңлақ сахабалары» деген кітапты «Маркетинг» деген кітапқа алмастырдым. Бұл кітап менің бизнесімді дамытуда көмегін тигізеді деген ойдамын, – дейді қала тұрғыны Мөлдір Оңғарбаева.

Айта кетейік, аталған шара 12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған «Jastar Week» жастар апталығы аясында өтіп жатыр.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ

Exit mobile version