«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында іс-шара өтті

Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында кітап оқуды насихаттау және кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында іс-шара өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар кітап оқудың маңызы туралы ой бөлісіп, өздері оқыған шығармалары мен сүйікті кітаптары жайлы әңгімеледі.

Сонымен қатар, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жаңа шығармаларды оқуға қызығушылық таныту және пайдалы ақпараттармен бөлісу бойынша пікір алмасу болды.

Кездесу барысында жастар кітаптың білім алудағы және тұлғалық дамудағы маңызына тоқталып, өзара кітап ұсыныстарымен бөлісті.

Кітап оқитын ұлт – білімді ұлт!

Exit mobile version