Кәсіби бокс: Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (5-0,2 КО) Польшаның Люблин қаласында өткен кәсіби бокста жеңіске жетті.

Шаршы алаңға Грузия боксшысы Яго Казириеймен (6-8, 4 КО) шықты.
Жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жек 8 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті.

«Кәсіби бокстағы кезекті жеңісіме қол жеткіздім. Алға қойған үлкен жоспарлар жолында еңбек ететін боламын. Тақым қысып, қолдау білдірген баршаңызға алғыс білдіремін», – дейді Бекзат Нұрдәулетов.

Айта кетейік, бұл маңғыстаулық боксшының кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісі болса, қарсыласы Яго Кизирияның тоғызыншы жеңілісі.

Exit mobile version