«JRO UPGRADE»: Аймақтық жастар қызметкерлерін оқыту басталды

Бүгін Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері үшін оқыту бағдарламасы басталды.

Үш күндік оқытуға 50 шақты маман қатысып жатыр. Алғашқы күні спикер Нұрлыбай Наурызбаев қатысушыларға жастар ісі мәселелері мен оның негізгі қағидаларын таныстырады. Ал түстен кейін NEET санатындағы және осал топтағы жастармен жұмыс тақырыбын қозғайды.

Айта кетейік, Нұрлыбай Наурызбаев – Өмірлік дағдылар мен жастар ісі бойынша маман, бейресми білім беру тренері, ойлау дизайнының халықаралық UPSHIFT әдістемесі бойынша сертификатталған ментор. Оқыту 9 маусым күні аяқталады. Барлық қатысушыға сертификат беріледі.

Exit mobile version