«JRO UPGRADE»: Аймақтық жастар қызметкерлері оқытудан өтеді

7-9 маусым күндері Маңғыстау облысындағы жастар ресурстық орталықтарының мамандары үшін оқыту ұйымдастырылады.

Оқытуда жастар ісі мәселелері мен оның негізгі қағидалары, NEET санатындағы жастармен жұмыс, жастар ресурстық орталықтарының жастар жобаларын іске асырудағы үздік шетелдік және отандық кейстері таныстырылады. Сонымен қатар спикерлер жастар қызметкерінің кәсіби стандарты мен біліктілік талаптары бойынша тренинг өткізеді.

Спикер ретінде жастар ісі жөніндегі маман, бейресми білім беру тренері Сабыржан Кеңшілік, өмірлік маңызы бар дағдылар мен жастар ісі бойынша маман, бейресми білім беру тренері, ойлау дизайнының халықаралық UPSHIFT әдістемесі бойынша сертификатталған ментор Нұрлыбай Науызбаев және «Aktownx» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Нұрсұлтан Мұрзабек келеді.

Exit mobile version