«JASTAR STARTUP – 2021» бір айлық стартап мектебі

«JASTAR STARTUP – 2021» СТАРТАП МЕКТЕБІ

Жастардың, жас стартаперлердің кәсіби және тұлғалық дамуына көмектесу мақсатында ұйымдастырылған стартап мектебіне 100-ден астам жас тіркелді.

Стартап мектебінің телеграм каналы ашылып, нәтижесінде тіркелуден бастап, қатысушылармен қарым-қатынас, олардың рейтінгін есептеу, барлығы толықтай автоматтандырылды. Телеграм группадағы қарым-қатынасты арнайы жасалған телеграм бот реттеп отыратын болса, үй тапсырмасын қабылдау да ботқа жүктелді.

Қараша-желтоқсан айы аралығында өткен стартап мектебінде IT-маман, кәсіпкер Тимур Бектұр «Бизнес модельдеу», «Маркетинг», «Әлеуметтік желі мүмкіндіктері», «Электронды коммерция» тақырыбы бойынша дәріс берді.

Сонымен қатар, елімізге танымал Нұрлан Жаңай, Нұржол Табиғат, Нұрлан Азаматов және Арман Ақбердиев сынды сарапшылар мектеп қатысушыларына менторлық қолдау көрсетті.

Идеяның өзектілігі, идеяның дайындық деңгейі және сапасы, жобаны қорғау деңгейі бойынша «Графикалық тақтасы бар клавиатура» жобасының авторы Бақытжан Бақбергенұлы жеңімпаз деп танылып, серіктестер ұсынған 150.000 теңге иеленді. «Ерекше балаларға арналған мобильді қосымша» жобасы Кочербаева Айгерим 100.000 теңгені қанжығасына байласа, Малика Ещанның «Дизайн студиясы» 50.000 теңге қаржылай сыйлық алды.

«Биогумус – диқандарға арналған арнайы тыңайтқыш» және «Ерекше дәмдеуіштер қосылған ыстық бауырсақтар» жобасының авторлары арнайы сыйлық – домен/хостинг сертификатымен марапатталды.

Exit mobile version