«JasArt» жастар театрының «Беу, қыздар-ай» комедиясының премьерасы өтті

Фото «JasArt» жастар театрынан алынды

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «JasArt» жастар театрының «Беу, қыздар-ай» қойылымының премьерасы өтті.
«JasArt» жастар театры Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың туындысына негізделген «Беу, қыздар-ай!» қойылымын сахналады.
Көрермендер жар іздеген жігіттердің махаббат оқиғасымен қатар ауылдың қызыққа толы өміріне сапар шекті. Ауыл тұрғындарының зілсіз әзіл-қалжыңы, салған әсем әні, сауыншы қыздардың ойы, қаладан келген жігіттердің махаббат үшін ауылды көркейткен іс-әрекеті көптің көңілінен шықты.
Айта кетейік, қазіргі таңда әуесқой әртістерден құралған жастар театрының қоржынында жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді қозғайтын «Кіндік», «Дақ», «Той көйлек» және т.б. 5 туынды бар.
Жыл соңына дейін көрермен назарына тағы 2 қойылым ұсыну жоспарланған.
Exit mobile version