«JasART» жастар театры Маңғыстау облысының барлық аудандары мен Жаңаөзен қаласына гастролдік сапармен барады

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен шығармашылық ұжым 6-11 қараша күндері өңір тұрғындарына өз өнерлерін ұсынбақ.

Түпқараған ауданы

6 қарашада сағат 15:00-де Форт- Шевченко қаласындағы Түпқараған аудандық мәдениет үйінде Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» спектаклі сахналанады.

Қарақия ауданы

7 қарашада сағат 15:00-де Құрық кентіндегі Қарақия аудандық мәдениет үйінде Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» спектаклі қойылады.

Мұнайлы ауданы

8 қарашада сағат 15:00-де Мұнайлыдағы Ф. Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінде Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» спектаклі көрерменге жол тартады.

Бейнеу ауданы

9 қарашада сағат 15:00-де Бейнеу аудандық мәдениет үйінде “Беу, қыздар-ай» комедиялық спектаклі алғаш рет аудан тұрғындарына ұсынылады.

9 қараша күні сағат 18:00-де Бейнеу аудандық мәдениет үйі Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» спектаклі көрерменге жол тартады.

Маңғыстау ауданы

10 қараша күніда сағат 11:00-де Шетпе кентіндегі Маңғыстау аудандық мәдениет үйінде Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» шығармасы негізінде сахналық қойылым ұсынылады.

Жаңаөзен қаласы

10 қарашада сағат кешкі 18:00-де Жаңаөзен қалалық «Оқушылар шығармашылық үйінде Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» спектаклі қойылады.

11 қараша күні сағат 11:00-де Жаңаөзен қаласындағы оқушылар шығармашылық үйінде «Ойыншықтар оқиғасы» ертегісінің премьерасы ұсынылады.

11 қарашада 18:00-де Жаңаөзен қаласындағы оқушылар шығармашылық үйінде “Беу, қыздар — ай» комедиялық спектаклі сахналанады.

Өңір бойынша өтетін гастрольдік сапар аясында «JasART” жастар театрының қойылымдарын тамашалау тегін екенін қаперлеріңізге саламыз.

Exit mobile version