«JasArt» жастар театры Атырауда өнер көрсетеді

25 желтоқсан күні Маңғыстау облысының «JasArt» жастар театры Атырау қаласында гастрольдік іссапармен барады.

26 желтоқсан күні сағат 18:30-да атыраулық көрермендерге «Беу қыздар-ай» қойылымын қояды. Ал 27 желтоқсан күні таңғы сағат 11:00-де кішкентай балаларға арналған «Ойыншықтар оқиғасы» атты ертегіні сахналауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар кешкі сағат 18:00-де «Мен жастарға сенемін» қойылымын театрсүйер қауымға ұсынады.

Exit mobile version