«JASART» жас ақындар кешін өткізді

Мүшәйра облыстық жас ақындар кешіне жалғасты. Ақындар кеші «JasArt» жастар театрының лирикаға толы қойылымымен ашылды. Содан соң жазушы Ерекен Қорабаев сөз сөйлеп, өнер сүйер, рухани-әдеби әлемге қадам басқан жас буынға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар салтанатты шарада ақын Жандос Демесін, Жұмагүл Мұрсал, Тілеген Әли, Айгүл Талыс, Болатбек Пайпақов өз шығармаларын қалың көпшілікке ұсынды. Ақын сөзіне жазылған әндер шырқалды. Өңірге белгілі өнер иелері Айгүл Құбаш, Фариза Ретбай, Нұрсинат Нұралиевна, Әлия Қарамұқан, Рафхат Ізден ән айтып, күмбірлете күй тартты.

Шара соңында Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Абылай Фазылбек сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жас таланттылардың есімін танытуды мақсат еткенін атап өтті. Байқауға қатысып, бақ сынаған ақындарға және әділқазыларға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиевтің алғыс хатын табыстады.

 

Exit mobile version