«ITeachMe» it-дағдыларды тегін оқуға шақырады

«ITeachMe» компетенциаларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры OrleTECH 2.0 әлеуметтік жобасы аясында Маңғыстау облысына келеді.

Негізгі мақсат – 18-28 жас аралығындағы жастарға «Веб-шебер» және «IT – инженер» бағыттары бойынша заманауи it-дағдыларды тегін оқыту.

Оқыту 16-18 мамыр аралығында өтеді.

16 мамыр күні – Түпқараған ауданы, Шевченко қаласында
17 мамыр – Құрық ауылы, Қарақия ауданы
18 мамыр – Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы
Оқыту сағат 11:00-де басталып, 14:00-ге дейін жалғасады.

Алдын ала тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd91p7FCbeQUsU97h__yIu7yuQCw6ulW9o_Pwp9uSb49VCasA/viewform

Айта кетейік, «ITeachMe» компетенциаларды дамыту орталығы» ҚҚ – көптеген білім беру жобаларын жүзеге асыратын команда. Мүмкіндігі шектеулі және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың, жастардың заманауи digital-мамандықтарды игеруіне, қоғамға интеграциялануына, қызықты жұмыс табуына, сондай-ақ қаржылық тәуелсіз әрі белсенді азамат болуына мүмкіндік береді.

Барлық сұрақтар бойынша қоғамдық қор директорының орынбасары Светлана Пономареваға 8 702 286 27 16 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Exit mobile version