«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы мен Маңғыстау туризм колледжі бірлесе отырып, «Талаптан» жобасы аясында тегін шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Іс-шараға көпбалалы және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар қатысып, аспаздық шеберлікті дамыту, жаңа тағамдар дайындау тәсілдерін үйрену және оларды әдемі безендіру жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.

Шеберлік сағаты барысында қатысушылар тәжірибе алмасты, өз ойларын бөлісті және әртүрлі кеңестер тыңдады. Аспаз Нұрай Еламан Фараббайұлы жетекшілік еткен практикалық бөлімде аналар түрлі тағамдарды дайындап, оларды әдемі безендіру мен ұсыну тәсілдерін үйренді.

Мұндай кездесулер аналарға тек аспаздық дағдыны арттырумен шектелмей, өз шығармашылық әлеуетін ашуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қатысушылар тәжірибелік сабақтан алған жаңа білімдерін өз өмірінде қолдануға дайын. Бұл мастер-класс әрбір ананың өз күшіне сенімін арттырып, келешекте өз кәсібін немесе жобасын бастауда алғашқы қадам жасауға шабыт берді.

#Маңғыстау #ЖастарРесурстықОрталығы #Аспаздық #ӘйелдерКүні #Мотивация #ШеберлікСағаты #Аспаз #Шығармашылық #ЖаңаМүмкіндіктер

Exit mobile version