ХҚО қызметкерлері Республика күнін атап өтті

Ақтаудағы «Халыққа қызмет көрсету» орталығының қызметкерлері «Республика күніне» орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шара аясында олар таңертеңнен бері орталыққа келген тұрғындарға «Kazakhstan» шоколады мен кәдесый ретінде жалаулар таратуда.

Қызмет алушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар 1000-нан астам тәттілерді сыйға алып үлгерді. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан бүгін кешке дейін жалғаспақ.

Мереке күндеріне байланысты сенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лары әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-ы 20:00-ге дейін қызмет етеді.

24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады. Ал 23 және 25 қазан – демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Exit mobile version