Француздар футболдан әлем чемпионатының финалын қайта өткізуге қол жинауда

Француз жанкүйерлері Қатарда Франция мен Аргентина құрамалары арасындағы әлем чемпионатының финалын қайта ойнауды талап ететін интернетте петицияға қол жинауда.

Петиция француздың арнайы MesOpinions сайтында құрылған. Авторлар «сатылып алынған төрешілікке» байланысты финалды қайта ойнатуға шақырады. Петицияны Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) қарауға жіберу жоспарлануда. Қазіргі уақытта әлем чемпионатының финалын қайта ойнату туралы өтінішке 196 мыңнан астам адам қол қойған.

Exit mobile version