Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі эссе байқауын жариялады

ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігі 18-29 жас аралығындағы жастардың қысқаша эсселеріне байқау жариялайды. Осы байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар ағымдағы жылдың 17 қарашасында Самарқанд қаласында (Өзбекстан) «ЕО-Орталық Азия» министрлерінің кездесуі және ЕО-ОА тұрақты ынтымақтастық жөніндегі конференциясы аясында өтетін жастар іс-шарасына қатысады.

Таңдау критерийлері:

-18 бен 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары
-Орыс тілін жетік білу (ағылшын тілін білу құпталады, бірақ міндетті емес)
-Толық қатысу және іс-шараның ұзақтығы (2022 жылдың 16-18 қарашасы, саяхатты қоса алғанда)

Қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы 26 қыркүйек, 12:00 (Астана уақыты бойынша)

Барлық шығындарды Еуропалық Одақ өтейді.

Толығырақ білу үшін сілтемеге өтіңіз
https://www.eeas.europa.eu/node/420425_en

Exit mobile version