Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының мамандары мен волонтерларының ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, өңірде есірткі құралдарын заңсыз насихаттайтын жарнамаларды жоюға бағытталған кезекті акция өтті.
Іс-шара барысында Ақтау қаласы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғалары мен өзге де қоғамдық орындарға жазылған есірткіге қатысты заңсыз жарнама жазулары өшірілді.
Акцияның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің заңсыз айналымының алдын алу және өңірде қауіпсіз әрі таза қоғамдық ортаны қалыптастыру.
Осындай алдын алу шаралары қоғамның қауіпсіздігін нығайтуға, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын дәріптеуге өз үлесін қоса береді.
#маңғыстау #волонтер #есірткігежолжоқ #салауаттыөмір
