Ержан Мырзабаевпен кездесуге 800-ге жуық маңғыстаулық келді

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаевпен кездесуге студенттер, ата-аналар мен жас отбасылар, жалпы алғанда 800-ге жуық адам келді.

Кездесу қызықты өтті әрі өзекті мәселелер қозғалды.

Отбасылық психологтың айтуынша, егер адам өмірлік серігін дұрыс таңдаса, онда отбасындағы проблемалардың 70-80 пайызын алдын алуға болады. Сондықтан алғашқы сессияда өмірлік серікті таңдауда ескеретін қағидалар айтылды.

Ал екінші сессия отбасы болғаннан кейінгі мәселелерді қозғады. Кездесуге қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтарын қойды. Сәйкесінше, отбасылық психологтан тұщымды жауап алды.

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаев отбасын құруға ниетті әрбір жан психологиялық, эмоционалдық және материалдық тұрғыдан дайын болуы қажет екенін ескертті. Сонымен қатар үнемі білім алудан, өзін-өзі танудан және ізденістен шаршамауға кеңес берді.

Айта кетейік, кездесу Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Lectorium» жобасы аясында өтті.

Exit mobile version