Еңбекке жарамсыздарға және асыраушысынан айырылғандарға төленетін төлемдер көлемі артады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» Қаулыға қол қойды.

«2023 жылдың 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2023 жылдың 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларында төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын», – делінген қаулыда.

Exit mobile version