Елімізде ғылым саласына бөлінген бюджет 2 жарым есеге көбейеді

Бұл туралы ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Ғылымға деген бюджетті 2 жарым есе көбейттік. Биыл 69 млрд болса, келесі 2024-2025-інші жылдарға 244 млрд шамасында. Бұл ғалымдарымызға үлкен сүйінші. Бұл да осы 3-4 айдың ішіндегі Үкімет пен Президенттің қолдауы. Осылай ақырындап, жаңа министрлік бұлшық еттерімізді өсіріп жатырмыз», – деді министр.

Exit mobile version