Диктант жазып, 200 мың теңге ұтып ал!

Бүгін, 24 мамыр күні 09:00-21:00 аралығында диктант жазу байқауына қатысуға мүмкіндік бар.

Ол үшін https://dictant.stan.kz сайтына кіріп, тіркелу жолағындағы сайтқа кіру батырмасын басып, Google арқылы кіресіз. Сол арқылы gmail поштаңызбен тіркелу қажет.

Содан кейін диктанттың толық мәтінін тыңдайсыз. Мәтінді журналист Ғалым Қалмен оқиды.

Диктантты барлық ережені сақтай отырып, арнайы терезеге жазасыз. Ол видеоның астыңғы жағында орналасады. Диктантты қазақша пернетақтасы орнатылған компьютер/ноутбук арқылы немесе ұялы телефон арқылы теруге болады.

Тиісті шарттары:

– Барлық мәтінді тағы бір рет тыңдаңыз, әр сөзі мен тыныс белгісіне назар аударыңыз.

– Диктантты тексеріске жібермес бұрын, оны бір оқып шығу керек.

– Содан кейін диктантты тексеріске жіберіңіз.

– Жазған мәтініңізді дұрыс мәтінмен тексеріңіз, бағаңызды біліп, қатысқаны үшін сертификатын сақтап алуыңыз міндеттеледі.

Exit mobile version