«Central Asia FIRST Championship»: Маңғыстаулық оқушылар грант ұтып алды

Маңғыстау облысының оқушылары робототехникадан «Central Asia FIRST Championship» чемпионатына қатысып, жоғары оқу орындарына грант ұтып алды.

Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен додаға Қазақстанның әр өңірінен үш мыңнан астам оқушы, әлемнің түрлі елдерінен 200-ден астам команда бақ сынады.

Чемпионат дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас).

Жарыс қорытындысы бойынша FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас) санаттары бойынша Жаңаөзен «Білім-инновация» лицей- интернатының «Rebels» командасы «Design award winner», «Best uniform winner», «Best mascot winner» номинацияларымен марапатталды.

Ал FLL Explore (6-10 жас) санаты бойынша Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектептің «Қыран», «Diamonds» командасы «AGAINST ALL ODDS AWARD» номинациясымен және «FLL EXPLORE BEST MENTOR AWARD» (үздік тәлімгер) номинациясымен 55 ментор ішінен аталған мектептің информатика пәні мұғалімі Турган Кабиева марапатталды.

Сонымен қатар «Tanym» жекеменшік мектебі командасы «Үздік командалық дизайн» марапатын және «FLL EXPLORE» медалін иеленді.

Сондай-ақ чемпионаттың гранттық бетпе-бет сұхбат бөлімінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Жаңаөзен «Білім-инновация» лицей-интернатының және «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары қазақстандық жоғары оқу орындарына грант ұтып алды. Нақтыласақ, Алматы энергетика және байланыс университетіне оқу грантын Сұлтан Бимағамбет пен Орынбай Батыржан, Astana IT University-не Байгубен Әділет, Yessenov университетіне оқу грантын Ерлепес Бек пен Кушеров Ұлықпан және Избасар Ратбек ұтып алды.

Exit mobile version