Ақтау қаласында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің басын қосқан «Career Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Іс-шараның басты мақсаты — жұмыс іздеп жүрген азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну, оларды жұмыс берушілермен тікелей байланыстыру және тұрғындардың тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.
Жәрмеңке барысында қаладағы түрлі мекеме мен ұйым өкілдері өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынып, жұмыс іздеушілерге қажетті ақпарат берді. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, өздерін қызықтырған жұмыс орындары бойынша сұрақтарына жауап алып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар, жәрмеңке азаматтарға бір алаңда бірнеше жұмыс берушімен танысып, өздерінің білімі мен тәжірибесіне сәйкес келетін жұмыс орындарын таңдауға мүмкіндік берді.
«Career Day» — бұл тек бос жұмыс орындары ұсынылатын жәрмеңке ғана емес, бұл — жұмыс іздеуші мен жұмыс берушіні жақындастыратын, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды алаң.
Біреу үшін — алғашқы жұмысқа бастар қадам болса, енді біреу үшін — жаңа қызметке, жаңа ортаға және жаңа мүмкіндіктерге бастар жол болуы мүмкін.
Жәрмеңкеге белсенді қатысып, өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынған барлық мекеме мен ұйымдарға, сондай-ақ іс-шараға арнайы келіп, өз мүмкіндіктерін іздеген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз!
Біздің мақсатымыз — жұмыс іздеген әр азаматқа өз мүмкіндігін табуға көмектесу, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты байланыстыру және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына өз үлесімізді қосу.
Алдағы уақытта да азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, жұмыспен қамту бағытындағы маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастыра береміз!
«Career Day» — жаңа мүмкіндікке бастар жол!
#CareerDay #БосЖұмысОрындарыЖәрмеңкесі #Ақтау #Маңғыстау #ЖұмыспенҚамту
