Биыл облыстың 4 колледжі жоғары колледж мәртебесіне ие болды

Маңғыстау облысының 4 бірдей колледжі, яғни: Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі, М. Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі, «Каспий» педагогика және салалық технологиялар жоғары колледжі, «Мейірбеке» жекеменшік жоғары колледжі жоғары колледж мәртебесіне ие болды.

Енді бұл колледждерде не өзгерді?

Жоғары колледждер қолданбалы бакалаврдың білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Олар, «Бастауыш білім беру педагогикасы мені әдістемесі қолданбалы бакалавры», «Дене тәрбиесі және спорт қолданбалы бакалавры», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру қолданбалы бакалавры», «Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару қолданбалы бакалавры».

Бүгінгі таңда қолданбалы бакалаврда 130 студент білім алуда.

Exit mobile version