Білім беру ұйымдарында Республика күні қалай атап өтіледі?

21 қазанда Қазақстанның барлық мектебі мен колледжінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Онда оқушылар мен студенттер әнұранды орындайды. Сол күні оқу озаттары марапатталып, барлық білім ордасында «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында республикалық сынып сағаты өтеді.

Еліміздің білім беру ұйымдарында Республика күнін мерекелеу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. Осы себептен еліміздегі барша оқушы үшін шығармашылық, танымдық, спорттық, мерекелік іс-шараларды жоспарлап отырмыз, – дейді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Exit mobile version