Берілмеуге үйрететін 5 мультфильм

UP, 2009 ж.

78 жастағы Карл Фредриксен әйеліне мыңдаған шарларды байлап, бірге керемет шытырманға барамыз деп уәде береді, бірақ өкінішке орай әйелі қайтыс болып ол уәдесін орындай алмай қалады. Карл отбасылық арманын болсқа қалдыра алмай, оны орындауға шешім қабылдайды. Қанша кедергі болса да, осы арманына қарай жылжып, мойымауға бекінеді.

Кішкентай ханзада, 2015 ж.

Авиатор (мультфильм кейіпкері) күн сайын көрші қызды Кішкентай ханзада туралы әйгілі оқиғамен таныстырады,ал ол оның ойын өзгертеді және оған өз ғаламындағы басқалар сияқты емес, өзінің бақытты болашағын таңдауға мүмкіндік береді.

 

 

Рататуй, 2007 ж.

Басты кейіпкердің аспаздық қабілеті бар, тағамның қалай дәмді болатынын және керемет аспаз болғысы келеді, бірақ басты мәселе – оның егеуқұйрық екендігі. Егеуқұйрық Реми өзінің жақсы көретін ісімен айналысқысы келеді, осы мақсатқа жету жолында оны керемет шытырман оқиғалар күтіп тұр, бірақ барлық кедергілерге қарамастан, ол өз арманынан бас тартпайды.

 

Коконың құпиясы, 2017 ж.

Бұл мультфильмде біз басты кейіпкер – Мигель Ривераны көреміз, оның көзінен тек мақсаттылық пен отбасылық динамикасын өзгертуге деген ұмтылысты ғана емес, сонымен қатар бізге жақын адамдарды есте сақтау қаншалықты маңызды екендігінің мысалын көреміз.

 

Балерина, 2017 ж.

Балерина болуды армандаған Фелис есімді қыз балалар үйінен қашып, досымен Парижге аттанады. Қаһарман қыз арманына жету үшін көптеген сынақтардан өтеді.

Exit mobile version